Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші кездесудің қайда өтетіні белгілі болды
Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші кездесудің қайда өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz.
Алматы, NEGE. Мarca басылымының ақпараты бойынша, 17 қыркүйеккке белгіленген трилогия Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде болады. Дәл осы жерде бұл екі боксшының алдыңғы екі кездесуі өткен болатын.
"Канело" үшін бұл T-Mobile Arena спорт кешеніндегі жетінші кездесуі болады. Мексикалық оның төртеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен.
Негізі трилогияны AT&T Stadium (Арлингтон, Техас, АҚШ) және Allegiant Stadium (Парадайз, Невада, АҚШ) қабылдағысы келген. Бірақ таңдау Лас-Вегасқа түсіпті.