Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қыркүйек айында өтуі мүмкін

Сауль "Канело" Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Алматы, NEGE. Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз "күрделі схема" деп атаған "Канелоның" жоспары мынадай:

7 мамыр - "Канелоның" жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі;

17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.

"Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр