«Головкин құлады...»

Ұлыбританиялық журналист Алан Доусон қазақ боксшысы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35) Р4Р-рейтингінде тым төмен бағалайды екен.

Доусонның ойынша, Головкин тіпті ТОП-15 тізіміне де кіре алмайды. Соңғы уақытта тағы бірнеше позиция бойынша төмендеп кеткен.

«Головкин бұрын да менің тізімімде төменгі орында еді. Енді тіпті құлады. Оны басқа боксшылар төменге сырғытып жіберді», – дейді Доусон.

Доусон осылай деді екен деп Головкин құлап қалмайды. Жерлесіміз әлі де орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Желтоқсан айында Гена поляк Камил Шереметамен (21-0, 5) жұдырықтасады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған