Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін

WBA Super/IBF/IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. GGG келесі қарсыласы IBF титулынан үміткер Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) болуы мүмкін. Бокс кеші наурыз айында Қазақстанда өтеді деген жоспар бар. 

"Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізуге келісті. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы @DAZNBoxing-пен трансляция жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр", - деп жазды бразиялиялық журналист Уилсон Балдини.

Айта кетcек, жақында WBA мен IBF бірлескен шешім шығарды. Оған сәйкес, осы екі тұжырым бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндетті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды