Головкин карьерасын аяқтай ма?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен кейін жоспарын бөлісті.

Алматы, NEGE.Трилогия Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. 

- Трилогиядан кейін карьераң жалғаса ма?

- Әрине, үлкен жоспарларым бар. Көптеген қарсылас қарастырып қойдым. Канело мен барша бокс фанатын құттықтаймын. Орта салмақта үш белбеуім барын ұмытпаңдар. Мен ораламын. Мен әлі чемпионмын, жігіттер, – деді Головкин.