Головкин қай орынға жайғасты?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рейтингте қай орынға шықты?

Алматы, NEGE. ESPN спорт каналының редакциясы pound-for-pound категориясында өздері жасаған үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. ESPN өз сайтында салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл рейтингте IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Головкин (41-1-1, 36 КО) үздіктер «ондығында» тұрақтап, тізімнің соңғы қатарын WBA титулының иесі, америкалық Джервонта Дэвиспен (24-0, 23 KO) бөліскен. ESPN шығарған Р4Р рейтингі келесідей: 1. Теренс Кроуфорд 2. Сауль Альварес 3. Наоя Иноуэ 4. Кіші Эррол Спенс 5. Теофимо Лопес 6. Тайсон Фьюри 7. Василий Ломаченко 8. Александр Усик 9. Хуан Франсиско Эстрада 10. Геннадий Головкин 10. Джервонта Дэвис.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді