Головкин әлем біріншілігіне қатысқан боксшыларды құттықтады

Қазақстандық кәсіби боксшы, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасын Сербияда өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Алматы, NEGE. «Сербиядағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді, бапкерлерді, Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны жақсы нәтиже көрсеткенімен құттықтаймын!. Азия ойындарына дайындыққа сәттілік тілеймін #AlgaKazakhstan», - деп жазды Головкин Twitter-де.