Головкин – Мурата жекпе-жегінің күні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата 28 желтоқсанда Токиода орта салмақтағы титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізу туралы келісімге келді.

Алматы, NEGE. 39 жастағы Головкин (41-1-1, 36 КО) – IBF және IBO титулдарының иегері. Ол 2020 жылдың желтоқсанында соңғы жекпе-жегін өткізді. Ол жетінші раундта техникалық нокаутпен польшалық Камил Шереметаны жеңді. Головкиннің спорт тарихындағы жалғыз жеңілісі мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек нәтижесінде болды.

35 жастағы Мурата (16-2, 13 КО) – WBA әлемнің супер чемпионы. Бұған дейін Головкин мен Мурата бір картада осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жұдырықтасады деп хабарланған болатын. Олардың қарсыластарының аты-жөндері әлі айтылған жоқ. Олардың бетпе-бет жолығуы алғашында 31 желтоқсанда, Жаңа жыл қарсаңында өтуі керек болатын, бірақ өтпей қалды

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады