Голливуд дағдарысқа ұшыраудың алдында тұр

Голливуд жаппай шығынға батты. Алпауыт киноиндустрияның күйреуіне «коронавирус» себепкер болды. Қазіргі таңда әлем бойынша, барлық премьералар шегеріліп, кинотеатрлар жаппай жабылды.

Алматы, NEGE. Тұсаукесері кейінге шегерілген «No Time To Die» фильмі де шаш етектен шығынға батқан. Кинопрокатқа шықпай қалған туынды 7 миллиард доллар көлемінде қарызға кіріп кетті. Енді алдағы екі айда кино жарыққа шықпайтын болса, ол сомма ұлғая түседі екен. Сарапшылардың айтуынша, жарты айдың ішінде 20 миллиард доллар көкке ұшыпты. Болжамдарға сүйенсек, алдағы уақытта шығындар көлемі әлі де арта түседі екен.

Жаһандық дағдарыс «Disney» студиясын да айналып өтпеді. Түсірілімін тоқтатып қойған компанияның бүгінде күніне 300-350 мың доллары зая кеткен. Аты жаман дерттің дендеуіне байланысты «Русалочка» фильмінің де түсірілім жұмыстары тоқтап қалған еді. Енді тақымын қысып отырған киногерлер бұл қиын кезеңнен аман-есен өтіп кетуді күтіп жүр.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді