«Голливуд өртеніп жатыр» – Әлемге танымал жұлдыздардың үйлері жанып кетті

Американың Калифорния штатында екі күннен бері орман өрті өршіп тұр.

Ethan Swope/AP

Алматы, NEGE. Лос-Анджелес округінің батысында да, шығысында да бірнеше орман өрті тіркелді.

Фото: pagesix.com

Өрт шарпыған аумақта 1000-нан астам ғимарат өртенді, оның ішінде танымал адамдар мен Голливуд жұлдыздары Энтони Хопкинс, Бен Аффлек, Том Хэнкс, Марк Гамилл, Адам Броди, Спенсер Пратт, Джеймс Вудс, Пэрис Хилтон және Леонардо Ди Каприоның Малибудағы үйлері бар. 

«Адам Броуди мен Лейтон Мистердің 6,5 миллион долларлық зәулім үйлері өртеніп кетті. Анна Фаристің де миллиондаған долларлық үйін өрт шарпыды. Энтони Хопкинстің Тынық мұхит палисадтарындағы үйі өрт қалдықтарынан кейін қирандыға айналды», - деп хабарлады Page Six басылымы. 

Энтони Хопкинстің Голливудтағы өртенген үйі, Фото: әлеуметтік желіден

Басылымның мәліметінше, Майлз Теллер, Евгений Леви, Билли Кристал, Джон Гудман және басқа да танымал тұлғалар баспанасынан айырылған. Сонымен бірге танымал Голливуд жұлдыздары эвакуацияланды. Камала Харристің резиденциясы да эвакуация аймағына қосылды. Голливуд жұлдыздары Бен Аффлек, Том Хэнкс және Гвинет Пэлтроу АҚШ вице-президентімен көрші тұрады. Дәл осы аймақта әнші Рианна мен баскетболшы Леброн Джеймстің үйлері орналасқан. Өрт салдарынан әзілкеш Билли Кристал отбасымен бірге 45 жыл бойы тұрған үйінен айырылды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, алапат өрттен кем дегенде бес адам қаза тапты. Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Лунаның айтуынша, өрт әлі ауыздықталған жоқ және қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Жағдайды қатты жел мен құрғақ ауа райы қиындатып отыр.

Орман өртінен келген шығын 52-57 миллиард долларға бағаланды. Байден бұған дейін Калифорния штатында төтенше жағдай жариялады.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ