Gold Coin: Қазақстанда алтынға инвестиция салудың жаңа тәсілі пайда болды

Қазақстанда Gold Coin атауымен инвестициялық алтынның цифрлық баламасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі. 

Ұлттық Банк

Астана, NEGE.  Ұлттық Банк Gold Coin – ÚKI инвестициялық монетасының цифрлық баламасын іске қосты. Бұл монета АХҚО (AIX) биржасында саудалана басталды.

Ол қалай жұмыс істейді?

Tabys қосымшасынан Gold Coin – инвестициялық алтынның цифрлық баламасын сатып алуға болады.

1 Gold Coin = 1/20 трой унциясы алтынға тең. Бағасы LBMA әлемдік котировкалары мен доллардың теңгеге шаққандағы бағамына негізделеді.

Gold Coin-ды онлайн сатып алуға, сатуға және сыйға тартуға болады.

20 Gold Coin жинасаңыз, оларды Ұлттық Банктің филиалдарында физикалық ÚKI монетасына айырбастауға болады.

«Бұл жобаның бірегейлігі сол – енді инвесторлар алтын инвестициялық монеталарды ұлттық валютада қалай сатып алып, қалай сақтайтынын өздері таңдай алады. Яғни, цифрлық және физикалық формат қатар қолжетімді болады. Бұл бастама алтынға инвестиция салғысы келетіндерге өте ыңғайлы жағдай жасайды», – дейді Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы басқармасы директорының орынбасары Ануар Кониркульжаев.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды