Гимнаст Нариман Құрбанов Түркияда алтын медальға ие болды

Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) Әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.

Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Айта кетейік, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.

Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?