Гимнаст Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят мен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.

Осылайша Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Карими осы Әлем кубогының кезеңінде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында да өнер көрсетеді. Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов медаль үшін бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды