Гимнаст Милад Карими Хорватияда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында қарсыластарына дес бермеді.

Карими төрешілердің шешімімен 14.666 ұпай жинады. Осылайша, Милад бұл Әлем кубогының кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді.

Финалда екінші орынды Израиль спортшысы Александр Мякинин (14.433), ал қытайлық Чени Се (14.300) үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Осиекте өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек Нариман Құрбанов та жүлдегер атанып, ат снарядында өткен жаттығуларда қола медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды