Гимнаст Милад Карими Дохадағы Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Дохадағы (Қатар) Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша Қазақстан қоржынына түсті.

Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды.

Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.

Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.

Айта кетейік, 18 сәуірде ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды