Гимнаст Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогында екінші финалға жолдама алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Милад 14,166 ұпай жинап, бірінші орынмен финалға шықты. Дәл осы бағдарлама бойынша Ілияс Әзізов 12,100 ұпаймен тоғызыншы орын алды, бірақ финалға өте алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуда да бірінші орынмен финалға өткен еді. Ал Ілияс Әзізов пен Дмитрий Потанин қоссырықта жүлде үшін таласады. Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда финалға өткен спортшылардың қатарына енді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?