Гимнаст Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде екінші мәрте бірінші орынмен финалға жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. 26 сәуірде екінші іріктеу кезеңі өтті.

Карими кермедегі жаттығуларда өнер көрсетіп, 14,066 ұпай жинады және тағы да бірінші орынмен финалға шықты. Бір күн бұрын ол еркін жаттығулардағы іріктеу кезеңінде де бірінші орын алған еді.

Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіруден 13-орынға ие болып, финалға өте алмады.

Айта кетейік, ат снарядындағы жаттығуларында Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін бақ сынайды. Финал 27-28 сәуір аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады