Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды

Милад Карими спорттық гимнастикадан Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль салды.

Ұлттық олимпиадалық комитет

Астана, NEGE. Карими кермедегі жаттығу финалында төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.

Бірінші орынды 15.366 ұпаймен Тан Цзя-Хун (Тайбэй) иеленсе, үздік үштікті колумбиялық Анхель Барахас түйіндеді – 14.400 ұпай. Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды