Гимнаст Дмитрий Патанин Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогында екінші орын алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті.

Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.

Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?