«Ғылым ордасы» кәсіпорнының бас директоры сотталды

Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Б.Төлтаев ғимарат ішінде түсірілім алаңын жалға бергенде пара алған.

Медеу аудандық соты 2020 жылдың 20 шілдесінде Төлтаевты 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Онымен бірге мекеменің бухгалтерлік есеп және қаржы-экономика қызметі бөлімінің бас экономисі А.Асылбаев 2 жылға сотталды. Бөлімнің бас есепшісі А.Абдуллина 1,6 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Бұл тұлғалардың барлығына мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға тыйым салынды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды