GGG мен Шеремета кездесті

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) көз арбасты.

Алматы, NEGE. Қос боксшы бүгін АҚШ-тың Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатына қатысты. Головкин жанкүйерлерге тамаша шоу көрсетуге уәде берді.

Ал қарсыласы Шеремета полша спортына үлкен жеңіс сыйлайтынына сенімді.

Айта кетейік, Головкин-Шеремета жекпе-жегі 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін 19 желтоқсанда «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында таңғы 4-тен бастап тікелей эфирде көре алады.

Бокс кешін GGG Promotion және Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы бірігіп ұйымдастырып, DAZN стриминг сервисінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, басты жекпе-жектің бірінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Эквадор өкілі Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті