GGG мен Канело салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Головкиннің таразыдағы салмағы 167,8 фунта (76,11 килограмм), ал «Канело» — 167,4 фунт (75,93 килограмм) болды. Осылайша, екі боксшы да суперорта салмаққа белгіленген, яғни168 фунт (76,2 килограмм) лимиттен сәтті өтті.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (Астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

Қазақстандықтар бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды