Гэтжи Фергюссонды сойып салды

Бүгін Флоридада

UFC 249 турнирінің негізгі кездесуінде америкалық Джастин Гэтжи отандасы Тони Фергюссонды оңдырмай сабады.

Алматы, NEGE. Алғашқы раунда атышулы Фергюссон біраз басымдық танытты. Тіпті екінші раунд бітер тұста Гэтжиді иегінің астынан соғып, есеңгіретіп алды. Алайда Гэтжиді гонг құтқарды.

Үшінші раундтан бастап Гэтжи сенімді қимылдай бастады. Фергюссонды бірнеше рет есінен тандыра соқты. Тони де оңай-оспақ емес, құлаған жоқ. Бесінші раундтың аяғына жетпей рефери төбелесті тоқтатты. Олай етпесе, Фергюссонның жағдайы тіпті қиындайтын еді.   

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

Сенатор зейнетке жасқа емес, еңбек өтіліне қарай шығаруды ұсынды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді