Германиядағы экс-судьяның өлімі: күдікке ілінген күйеуі алғаш рет пікір білдірді

Германияда кісі қолынан қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесінің Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жатқаны мәлім болды. Олар қылмыстық істе күдікті ретінде танылған еді.

жеке архивтен

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Telegram-дағы ресейлік 112 арнасы хабарлады. Арна тілшілері екі күдіктіні Ресейден іздеп, тапқан.

Видеода Александр Донцов делінген ер адам БАҚ-та көп жалған ақпарат тарағанын айтып, «арандатушылыққа ермеуге» шақырады.

«Сіздер өте көп өтірік айттыңыздар. Өте көп жалған ақпарат көрсеттіңіздер. Адамдар, арандатушылыққа ермеңіздер», – дейді ол.

Басылым мәліметінше, 2 ақпанда екеуі Мәскеу Тергеу комитетінде куәлік берген, алайда Наталья Донцова тергеушілермен сөйлесуден бас тартқан.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған