Германияда үлкен жетілік саммиті өтіп жатыр

Үлкен жетілік саммиті өтіп жатыр.

Осы жолы Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония мен АҚШ елдерінің басшылары Эльмау қаласында бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал Еуроодақтың өзге елдерінің атынан Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель мен Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен қатысты. Самитте жоспарланған 7 жұмыс сессиясында жаһандық экономика, самитте қатысушы елдердің ынтымақтастығы, сыртқы саясат пен қауіпсіздік, сонымен қатар азық-түлік дағдарысы мен өзге де өзекті мәселелер пысықталмақ. Алқалы жиынның бірінші күні Украинадағы қарулы-қақтығыс жан-жақты талқыланды. Саясаткерлер Киевке көрсетілетін көмектің мерзімсіз болатынын жария етті. Саммитке жиналғандар жаһандағы инфляцияның шарықтауы мен экономикалық дағдарыстың ушығуына алаңдаушылық білдірді. 

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

«Казцинк» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды