Германияда мектептер жабылып жатыр

Германияда коронавирусты жұқтыру саны күрт артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы бір тәулікте 1630 науқас анықталды. Індет босқындар тұратын жатақханаларға да тарап кеткен. Салдарынан екі баспана карантинге жабылды.

Алматы, NEGE. Елде оқу жылы әдеттегі жоспар бойынша басталды. Алайда коронавирус тіркелгеннен кейін үш өңірде бірнеше мектепті жабуға тура келді. Мәселен, Фрайштадт қаласының оқу орындарының бірінде дертті 44 мұғалім мен 66 оқушы жұқтырып алды. Осыдан кейін 1000-нан аса оқушыны карантинге жіберді. Билік өкілдері тұрғындарды маска тағып, арақашықтық сақтауға шақырып отыр. Алайда полицияның мәліметінше, күн сайын қоғамдық көлікпен қатынайтын 4 мыңдай адам бетпердесіз жүреді екен.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты