Германияда «Құнанбай» фильмі көрсетілді
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ әдебиетінің классигі Абайдың 175-жылдығына арналған іс-шаралар сериясының жалғасы ретінде Қазақстан Елшілігі Берлиндегі танымал «Zoo Palast» кинотеатрында «Құнанбай» тарихи кинодрамасының көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Бірқатар сыйлықтарға ие болған фильмде Қазақстан мен қазақ халқын өз туындыларымен әлемге паш еткен хәкім Абайдың әкесі – Құнанбайдың өмірі мен қызметі туралы баяндалады. Фильмнің тұсаукесерінде Елші Дәурен Кәріпов «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Елшілік неміс баспаларымен бірлесе отырып басып шығарған ақынның неміс тіліндегі шығармалары мен өшпес мұрасы туралы айтып берді.
Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып өткізілді.