Германияда індеттің бесінші толқыны басталуы мүмкін

Германияда коронавирустың бесінші толқыны басталуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Германия денсаулық сақтау министрлігі елде індеттің бесінші толқыны басталуы мүмкін деп алаңдаулы. Аймақта омикронның күш алуына байланысты билік тиісті шараларды қолға ала бастады. Мамандардың айтуынша, әзірге Германияда британдық штамды жұқтырғандардың саны басым. Дегенмен, омикрон да ырыққа көнбей барады.

Мәселен, соңғы 3 күнде Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде омикрон жұқтырғандар саны 600-ге дейін жеткен. Дәрігерлер тұрғындарды жиі тест тапсырып, вакцина қабылдауға шақырады. Ал Үкімет екпенің қосымша 80 млн дозасына тапсырыс берген. Қазір Германия тұрғындарының 70 проценті толық екпе салдырған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды