Германияда қаза тапқан экс-судьяның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды

Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды.

Kazinform.kz

Астана, NEGE. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовты іздестіріп жатыр. Іздеу ісі Талдықорған қаласында тіркелген.

Александр Донцов Қазақстан азаматы, ал анасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттің азаматы деп көрсетілген. 

qamqor.gov.kz

Еске сала кетейік, 2024 жылдың маусым айында Германияның Бенсхайм қаласына жақын маңнан Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылған. Ол Германияда күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге тұрған.

Қазіргі уақытта әйелдің өліміне байланысты қылмыстық істі Германия полициясы тергеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстанда да «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?