Германияда қаза тапқан Айгүл Сайлыбаева Алматыда жерленді

Кеше Алматыда шамамен екі апта бұрын Германиядан табылған Айгүл Сайлыбаеваның жерлеу рәсімі өтті. 

t.me/BILD_Russian/

Алматы, NEGE. Марқұмның жерлеуі туралы оның ағасы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Қанат Сайлыбаев Германияда өз әпкесі Айгүл Сайлыбаеваның жоғалғанын хабарлаған болатын. Айгүл Сайлыбаева Астана қаласының Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі болған.

Ағасының айтуынша, Айгүл ұзақ уақыт бойы күйеуі Александр Донцов пен оның анасы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген.

14 маусымда ол жоғалып кеткені туралы хабарланды, ал 17 маусымда оның денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті