Германияда қарулы адам банкке кіріп, әйелді кепілге алды

Шабуыл бүгін таңертең Германияның Римбах қаласында болды, деп жазады Bild.

Bild

Алматы, NEGE. Полицияның мәліметінше, қылмыскер таңертең Volksbank бөлімшесіне басып кіріп, әйелді кепілге алған. Полиция операциясы үшін банк ғимараты қоршауға алынды.

Пышақпен қаруланған қылмыскер көп ұзамай қолға түсті, кепілге алынған адам зардап шекпеді. Бұл туралы полиция өкілі Бернд Хохштедтер хабарлады.

Банк бөлімшесінің қызметкерлері мен клиенттері де аман-сау, қазір оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады