Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Германия соты Facebook желісінде федералдық канцлер Фридрих Мерцке тіл тигізіп, қорлайтын пікір жазған екі қолданушыға салынған айыппұлды заңды деп таныды.

bundesregierung.de

Астана, NEGE. Олардың бірі саясаткерді «Lügenfritz», яғни «өтірікші Фриц» деп атаған. Эринген қаласының соты оған 30 күндік мөлшерлеме көлемінде айыппұл салды. Бұл шамамен бір айлық табысқа тең және 2 мың еуродан асуы мүмкін. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тағы бір қолданушы «Ftzn Frieder» деген дөрекі сөз қолданғаны үшін дәл сондай көлемде айыппұл арқалады.

Жалпы Хайльбронн прокуратурасы 39 пікірді тексерген. Оның 15-і бойынша іс тоқтатылды, қалғандары басқа ведомстволарға жолданған немесе әлі қаралып жатыр.

Бұған Мерцтің Хайльброннға сапары кезінде ұшуға тыйым салынғаны туралы полицияның Facebook-тегі жазбасы себеп болған. Пікір қалдырғандар Германия Қылмыстық кодексінің 188-параграфы бойынша жауапқа тартылды. Бұл бап саясаткерлерді қорлағаны немесе оларға жала жапқаны үшін жауапкершілік көздейді.