Германияда бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов ұсталды

Ақпаратты NEGE порталына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздеудегі адам неміс құқық қорғау органдары тарапынан Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Дүйсеновті бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың командасының мүшесі деп атайды. Себебі, 2013–2014 жылдары Дүйсенов ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды. Сол кезде Қожамжаров Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

2016 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Дүйсенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал сол уақытта Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарды.

2017 жылдың желтоқсанында Қожамжаров Бас прокурор болып тағайындалды, ал 2018 жылдың қаңтарынан бастап Дүйсенов Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары болды, кейін Бас көлік прокуроры қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті