Германия вирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

26 желтоқсан күні Германияда коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар егілді.

Алматы, NEGE. Екпені бірінші болып немістің Хальберштадт (Саксония-Анхальт жері) қаласындағы Қарттар үйінің тұрғыны, 101 жастағы Эдит Квойцалла алды, деп хабарлайды «Deutsche Welle» сайты.

Әйел процедурада өзін жақсы сезінген. Қарттар үйінің әкімшісі Тобиас Крюгердің айтуынша, бұған дейін округ билігі мекеменің вакцинацияға дайындығын сұраған.

«Күтумен өткен әр күн – бұл созумен өткен тағы бір күн», - деп жауап берген ол.

Dpa агенттігінің мәліметінше, вакцинация Қарттар үйінің барлығы 40 тұрғынына және 10 қызметкеріне салынған.

Айта кетейік, Германияда вакциналау кампаниясы ресми түрде 27 желтоқсанда басталады.

Сенбі, 26 желтоқсанда Германияның әр түкпіріндегі Вакцинация орталықтарына және осы мақсат үшін жасақталған мобильді командалар арасында бірнеше ондаған доза препарат таратылған болатын.

Екпе алдымен 80-нен асқан тұлғаларға, ауруханалардың медициналық персоналына және қарттарға күтім күтушілерге егілуі тиіс.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?