Германия халқы карантиннің талаптарына қарсы ереуілге шықты

Германияның Дюссельдорф қаласында да ереуіл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жергілікті жұрт карантиннің талаптарына қарсылығын білдіріп, биліктің назарын аймақтағы өзге де өзекті мәселелерге аударуын талап етуде. Ашуға бой бергендер коронавирус індетін жоққа шығарып, шектеу шараларына қарсы ұрандатты. Десе де жұрттың бәрі маска тағып шыққан. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, шара тыныш өтті.

Айта кетейік, қыркүйектің 19-күні елде 2 мыңнан астам жаңа науқас тіркелген екен. Бұл сәуір айынан бері рекордтық көрсеткіш. Мамандар науқастардың басым бөлігі жастар екенін ескертеді. Сонымен қатар дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ауруханаға жатқандардың да қарасы қалың.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды