Германия Беларусь азаматтық қоғамын қолдауға 21 миллион евро бөлмек

Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас "Беларусьпен ниеттестік" онлайн-конференциясында Беларусьтегі азаматтық қоғамды қолдау үшін 21 миллион евро бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлады Азаттық Радиосы.

Алматы, NEGE.   Министрдің сөзінше, көмек аясында наразылыққа қатысқаны үшін оқудан шығарылған студенттер мен оқушыларға стипендия тағайындалмақ.

"Біз тәуелсіз БАҚ-ты қолдамамақпыз. Азапталғандарға психологиялық көмек көрсетеміз, қудаланған беларустарға Германиядан баспана береміз", – деді ол Маас.

6 ақпан күні Беларусьтегі жағдай бойынша Германия канцлері Ангела Меркель де пікір білдірді. Ол Германия мен Еуроодақтың Беларусьтегі президент сайлауының нәтижесін мойындамайтынын, өйткені олардың "демократияға сай болмағанын", адам құқығын бұзғандарды жауапқа тартуға шақыруды жалғастыра беретінін мәлімдеді. Ол бұл туралы федералды үкімет сайтында жарияланған апталық подкастында айтты.

Еуроодақ Минскіге қарсы санкциялардың үш топтамасын жариялады. Санкцияға ел басшылығындағы 84 адам ілікті. Олардың арасында Александр Лукашенко мен күш құрылымдарының өкілдері де бар. Олар Еуроодаққа кіре алмайды, олардың еуропалық банктердегі мүлкі бұғатталады. Санкциялық тізімге 7 заңды тұлға кірді. Олардың арасында Беларусь президентінің Іс басқармасы да бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр