Германия басшылығының өкілі алғаш рет Украинаға барды

Бундестаг төрағасы Бербель Бас Киевке барды, деп хабарлайды

24.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Германия парламентінің өкілі Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, Бербель жұмыс сапары аясында құрбандардың рухына тағзым етеді. Кейін ел басшылығымен бірқатар кездесу өткізеді. Соның бірі Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен болған жүздесу. Ол өтті. Енді Бербель Бас Владимир Зеленскиймен кездеспек.

Бір айта кетерлігі, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Германия басшылығынан бұл елге ешкім келмеген.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін