Германия азаматтарына Қазақстаннан кибершабуыл жасалған

Германияның қылмыстық ведомстволары мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, Германия азаматтарының есепшоттарын бірнеше рет бұзды деп күдікке ілінген қазақстандықты қолға түсірді. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Алдын ала болжам бойынша, бірнеше жүз мың еуро залал келтірілген.

«Алматы облысында Германия аумағында компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, банктік шоттар мен жеке деректерге заңсыз қол жеткізді деген күдікпен Қазақстан азаматы анықталып, ұсталды», – делінген хабарламада. 

Тінту нәтижесінде техникалық деректер сақтау құрылғылары мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты