Герасименко да жеңіліп қалды

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарында жеңіліс тапты.

Алматы, NEGE. Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған.

Алайда, кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды.

Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.