Головкин футболдан ұлттық құраманы қолдау үшін Грекияға барды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып келді, деп хабарлады Olympic.kz сайты.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен келген. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды. Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Грекияны жеңуі тиіс. Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді.

Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?