Геннадий Головкин АҚШ-тағы Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығына барды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев іс-сапармен АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласындағы АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығында (USOPC) болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. АҚШ ҰОК өкілдері спорт кешенін таныстырып, бокс, оқ ату, күрес, жүзу және жеңіл атлетика сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарының мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, USOPC қызметкерлері нутрициология және спорт ғылымы саласындағы зерттеу бөлімінің қызметін егжей-тегжейлі таныстырды. Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК делегациясы көпфункционалды жаттығу залы мен медициналық кампустың жағдайын зерттеді.

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары үшін осы спорт кешенінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Айта кетейік, Геннадий Головкин АҚШ-қа World Boxing Халықаралық бокс федерациясының Конгресіне қатысу үшін барған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін