Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эсквива Фалькао орта салмақта IBF және IBO чемпионы Головкинмен жұдырықтасады.

Алматы, NEGE. Жекпе-жектің нақты күні әлі белгіленбеген, бірақ барлық белгілер жекпе-жектің тамыз айында болатынын көрсетеді.

"Мен қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуім керек. Бұл жекпе-жек маған өте жақсы болады, сенімдімін. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді", - деді Эсквива Фалькао Lance.com.br сайтына берген сұхбатында.

Фалькао 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында күміс алды.

Бұған дейін Геннадий Головкин 31 желтоқсанға жоспарланған жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді деп хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?