Геннадий Головкинге жоғары баға берілді

Givemesport.com сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша қазіргі аты әйгілі боксшыларға арналған материал шығарды.

Алматы, NEGE. Сайт материалында орта салмақ дәрежесінің гегемоны болып IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) танылды.

«Орта салмақтағы дивизионның өз көшбасшысы бар, ол Геннадий Головкин. Бокс жанкүйерлерінің тынысын тарылтып «Канеломен» үшінші жекпе-жегін күтіп жүргенде, GGG орта салмақтағы көшбасшылықты қарсыластарына тигізген темір жұдырығымен иеленіп отыр. Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар, бірақ заманауи спорт тұлғалары туралы айтар болсақ, орта салмақтағы қазақстандық боксшы – бүгінгі күннің бас кейіпкері», - делінген мақалада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр