Геннадий Головкин рингке оралатынын мәлімдеді
Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желілерде рингке қайта оралуы туралы жазба жариялады.
Алматы, NEGE. "Мен рингке жанкүйерлерім және өзім үшін шығамын. Жақында кездескенше", - деп жазды Головкин Twitter-парақшасында.
Сонымен қатар, Головкин Fox News тілшісі Мэтт Ричардсонның жазбасына жауап берді. Ол Сауль "Канело" Альваресті GGG-мен салыстырғанда Джермалл Чарлоға қарсы күресте көргісі келетінін жазған және "GGG-мен жұмыс аяқталды" деген.
"Сенің не ойлайтының ешкімді қызықтырмайды. Мен трештокингпен айналысатындарға және менің есімімді қолданып хайп жасайтындарға қарағанда, шынымен жетістікке жетіп, назар ауаруға тұрарлық адамдарды тыңдағанды дұрыс санаймын", - деп жауап берді Головкин.