Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Instagram-парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Отандасымыз 2021 жылдың желтоқсанында WBA Super белбеуінің иегері жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ Жапонияда коронавирусқа байланысты карантин шаралары күшейтіліп, айқас кейінге қалды. Енді бұл жекпе-жек көктемде өтуі мүмкін. 

"Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Жуырда Жапонияда өтетін айқастың нақты күні айтылады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз", - деп жазды Головкин. 

Айта кетейік, биыл Головкинмен Крис Юбен (Ұлыбритания) және Хайме Мунгия (Мексика) секілді боксшылар кездескісі келетінін айтты. Сонымен қатар биыл ол Сауль "Канело" Альвареспен кездесуі мүмкін деген де әңгіме бар. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты