Геннадий Головкин британиялық бокс шеберлерінің есін шығарды

Британияның боксшылар менеджері және кәсіпкер Уильям Стори Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жетістіктеріне деген таңданысын жасырмады, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Twitter-де Стори GGG-мен бірге түскен суретін жариялап, кезінде екі әйгілі отандасының Геннадиймен жекпе-жекке шығуға жүрексінгенін айтты.

«Геннадий Головкин – ең ұлы боксшылардың бірі. Қазақстандық нокауттар короліне тарихтағы нокауттардың ең үлкен саны тиесілі. Ол батыл, тәжірибелі және табанды, жекпе-жекке шыққан кез келген боксшыдан тайсалмайды. Карл Фроч және Крис Юбанк сияқты көптеген спортшылар одан қорықты», – деп жазды ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді