8 ноября 2022 г. 10:23
Геннадий Головкин Айдос Ербосынұлына денсаулық тіледі
Боксшы Геннадий Головкин отандасы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Алматы, NEGE. 6 қарашада Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді. Айдостың жағдайы нашарлаған соң, оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен еді. Кейін ауруханада миына қан кеткен боксшы жасанды комаға түсті.
"Тезірек сауығып кет. Туғандарың мен жақындарың бекем болсын", - деп жазған Геннадий Instagram Stories-інде.