«Генералдың туыстары» жауапқа тартылды

Nege.kz порталы бүгін блок-посттардан еш кедергісіз өтіп жүрген қымбат көліктер туралы жазған. Осыған байланысты Алматы облыстық полиция басқармасы мен Алматы қалалық полиция басқармасы жауап берді.

  • Тақырыпқа орай: Блок-постқа пысқырмайтын қай генералдың туыстары?

«НЕХабар» телеграмм-арнасында қымбат көлікпен облыс пен қаланың арасын шаңдатып жүргендерді «Алматы облыстық ПД бастығы Күдебаевтың туыстары» екенін олар «генералдың немересі өмірге келгенін тойлауға бара жатқанын» жазған. Алайда Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі бұған былай деп шолақ жауап берді: «Бұл – өтірік. Шындыққа жанаспайды».

Бұдан кейін Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовке де ақталуға тура келді.

«Өзіндік қауіпсіздік басқармасы кортеждің блок-посттан кедергісіз өту дерегіне байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Зиядин Жанболат дастарханда отырғаны үшін қызметтік тексеру кезеңінде жұмыстан босатылды. Оқиғаға қатысты принциптік баға беріледі», – деді қалалық ПД бастығы.

Қымбат үш көліктің жүргізушілері мен екі жолаушысы 15 және 14 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Ал енді Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Зиядин Жанболаттың қызметіне қайтып келу-келмеуі Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қалай тексеретініне байланысты. Өйткені «қызметтік тексеру кезеңінде жұмыстан босатылғанын» тікелей бастығы Қанат Таймерденовтің өзі айтты. Осылайша бұл іс «бас жаққа» барыспай-ақ, полковникпен тұйықталуы әбден мүмкін...   

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды