Генерал Сулейманиді жерледі

«Әл-Құдыс» айрықша әскери күшінің басшысы, Таяу Шығыстағы әскери операцияларды жүргізген 62 жастағы Қасым Сулейманиді туған жері Керман қаласында жерледі.

Алматы, NEGE. Иран генералы 3 қаңтар күні Бағдаттағы АҚШ-тың әуе соққысынан кейін қаза тапты. Генералды жерлеу рәсіміне миллиондаған адам қатысты. Көшеде адам тығыны көп болды. Ұлт қаһарманымен қоштасқысы келетіндердің санында есеп болмады. Сондықтан 7 қаңтар күні өтуі тиіс жерлеу рәсімі 8 қаңтарға шегерілді.

 Алайда, Тегеран генерал өліміне байланысты кек алатынын мәлімдеді. Иран парламенті АҚШ әскері мен Пентагонды террористік ұйым ретінде мойындау туралы заң жобасын қабылдады.