Газ-техникалық инспекция жылу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады

Шымкент қаласында жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Осы орайда газ-техникалық инспекция бөлімі қала аумағындағы тұтынушыларға үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші аттестатталған ұйымдармен (ВДГО) атқарылған жұмыстар бойынша жиын өткізді.

Тұтынушылардың тұрмыста газ пайдалану қауіпсіздігін сақтауға жасасқан келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындау және жылыту маусымына дейін техникалық қызмет көрсету келісімшартымен тұтынушыларды толық қамту мәселелері талқыланды.

Қалада көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау, газ жабдықтарының техникалық қауіпсіздігін тексеру, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары - басты назарда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді